Білім

Жас маманға – жаңа орталық

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында және «Жас маман» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің базасында жаңа «Energy» HCTC техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту құзыреттілік орталығының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=565]

Қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі сапалы білім жүйе­сімен, сонымен қатар, азаматтардың білім-білік деңгейімен анықталады. Сондықтан білім беру саласы заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Бүгінде еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беделін көтеру – басты назарда.
Айтулы іс-шараның алғашқы сөзін алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов колледж ұжымы мен студенттерін құттықтап, жаңадан ашылған құзыреттілік орталық студенттердің бәсекеге қабілетті, мықты маман болып шығуы үшін аса пайдалы орталық екенін айтты. Ашылу салтанатына арнайы келген Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев «Жас маман» жобасы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіретінін, сондай-ақ бұл жобаның республика көлемінде атқарылып жатқанын сөзге тиек етті.
Құрметті қонақтардың жылы лебізінен кейін құзыреттілік орталықтың ашылу рәсімі өтіп, лентасы қиылды. Орталыққа кірген қонақтар мен әлеуметтік серіктестер әр кабинетте орнатылған заманауи құрал-жабдықтармен танысты. Орталық төрт кешеннен тұрады, олар:

  1. Электроника және электр машиналары зертханасы;
  2. Электр стансалары мен желілері электр жабдықтарының интерактивті бағдарламалық-аппараттық кешені;
  3. Компьютерлік тренажерлік кешендер және автоматтандырылған оқу курстары;
  4. Электрмонтаждау зертханасы.

Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар орталыққа жоғары баға беріп, білім алуға мол мүмкіндік бар екенін жеткізіп, колледж басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button