Әлеумет

«ЖАС ОТАННЫҢ» ЖАЗҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ

IMG_1215

Астанада «Кел, жастар, оқылық!» республикалық науқаны аясында М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы алаңында мектеп шәкірттері мен студенттердің қатысуымен «Жазғы оқу залы» акциясы өткізілді. Шараны «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы ұйымдастырды.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – астаналық жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жас ақын-жазушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, табиғат аясындағы жазғы демалыс­ты ұйымдастыру және талантты жеткіншектердің өз өнерін паш етуіне мүмкіндік жасау.
Ашық алаңда өткен басқосу барысында жас ақындар өлеңдерін оқып, домбырашылар күй шертті. Сонымен қатар, көпшіліктің назарына Астана қаласының кітапханалары ұсынған әдеби шығармалар, шетел классикасы, философия, психология, мәдениет, өнер, детектив, ғылым тақырыптарындағы шығармалар ұсынылды. Ал ой ауқымын кеңейту мақсатында шаршы тақталарда шахмат ойналып, «Жас суретшілер одағының» мүшелері Жеңіс Молдабеков пен Мәншүк Бақыт «Астана – әсем қала» тақырыбындағы суреттерінде қаланың сұлу табиғатын бейнелеп, барша қатысушыларды тамсандырды.
Іс-шара соңында жас ақын-жазушылар өздерінің кітаптарын жиналған қауымға тарту етті.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button