Қоғам

Жас педагогтарға арналған семинар-практикум өтті

Астанадағы №93 мектеп-лицейінде әлеуметтік жас педагогтарға арналған семинар-практикум өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Оған 50-ге жуық жас әлеуметтік педагог пен аттестациядан өтетін педагог қатысты.

«Іс-шара барысында осы салада көпжылдық тәжірибесі бар мамандар психологиялық қолдау орталығының бағыттары мен міндеттері, дағдарыс жағдайларында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білім алушылардың әлеуметтік жағдайын тексеру қағазының толтырылуы, әлеуметтік педагогтерді аттестаттау жайлы айтылады, сондай-ақ нақты кейстермен жұмыс жүргізіледі. Одан бөлек қазір оқушылар арасында кездесетін проблемаларды талқылаймыз», – деді Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлдана Бекетаева.

Семинардың мақсаты – жас маманның кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ету және әдістемелік қолдау көрсету. Сонымен қоса педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау.

Жиынға қатысушылар спикерлерге сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button