Әлеумет

«ЖАС ҚАНАТ» АУЛА КЛУБЫ

f4a39ecb1222158f732559694f1

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы бастамасымен Абылайхан даңғылы 49/3 үйдің төменгі қабатында жасөс­пірімдер мен жастарға арналған «Жас қанат» аула клубы ашылды. Аталған шараға Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов және Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын қатысып, аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Клубта жиырмаға жуық үйірме жұмыс істейді. Хореография залы, бейнелеу өнері, дзюдо, бокс, каратэ, еркін күрес, таэквандо, шахмат, үстел теннисі, ағаш пен металл өңдейтін шеберхана бар. Оған қоса, жастар музыка кабинетіне жазылып, домбыра, барабан, гитара, синтезатор, пианино және тағы басқа аспаптарда ойнап үйренеді. Онда балалардың шығармашылық дамуы, сауықтыру және демалу үшін барлық жағдай жасалған.

Аулалық клубтың күн сайын 6-29 жас аралы­ғын­дағы 500-ге жуық адамды қабылдауға қауқары бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button