Мәдениет

ЖАС ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖАЛҒАСТЫРАР ИГІ ІСТІ

ERA_5887

Тұңғыш Президент музейінде Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізіліп отыратын «Туған жерім» атты балалар шығармашылығының сайысы қорытындыланды.

Еліміздің әр өңірінен келген талапкерлердің қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. Тоғыз жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл жоба биыл халықаралық мәртебеге ие болып отыр. Конкурс жұмысына алыс, жақын шетелдерден балалар қатысты. Шараға арнайы келген өнерпаздарға еліміздің білікті мамандары шеберлік сыныбын өткізді. Музей директорының орынбасары Күлайша Ақтаева жобаның өзектілігі туралы «Еліміздің өркендеуі технологиямен ғана өлшенбейді, дәстүрлі мәдениетімізді дамытумен де тікелей байланысты. Жас дарындардың еңбектеріне қарап сүйсінеді екенсің. Осындай игі істерді әрдайым қолдап, ұйымдастырып тұрамыз деген ойдамын. Көрме бір ай бойы жалғасады. Көрем деушілерге есігіміз ашық» дейді .

Байқау қорытындысы бойынша бірнеше қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. 13 жасқа дейінгі балалардың арасында гран-приді Рудный қаласынан келген Екатерина Нехаенка иеленді. 16 жасқа дейінгі өнерпаздардың ішінен Шымкент қаласынан келген Мария Ким жеңімпаз атанды.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button