Ел тынысы

«Жас сарбаз» алтын олжалады

«Жас сарбаз» студиясының би ансамблі XV Ұлттық Дельфий ойындарының өңірлік турында алтын олжалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осылайша, Көкшетау қаласында өтетін ұлттық іріктеу турының келесі кезеңіне қатысатын номинанттар іріктелді.

Астанада өткен байқауға 22 номинация, атап айтқанда халық аспаптары, эстрадалық ән айту, көркем сөз оқу, заманауи би, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, фотография және басқалар бойынша 500 өтінім берілді.

Аймақтық іріктеу турында оннан астам ұжым хореографиялық композициялармен өнер көрсетті. «Халық биі» және «Заманауи би» номинацияларында «Тұмар» ансамблінің орта жас тобы «алтын», ең кіші тобы «қола» жеңіп алды.

Балалар ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің жанында ашылған үйірмелерде айналысады.  «Жас сарбаз» балалар студиясын және «Тұмар» ансамблін педагог-хореограф – 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова, қоюшы-хореограф – Қарулы күштердің қызметкері Ержан Құдайбергенов басқарады.

– «Тұмар» би ұжымында 5 жастан 14 жасқа дейінгі аралықта 90 бала бар. Ансамбльдің құрылғанына небәрі бір жарым жыл ғана болды. Жұмыс төрт жас тобы бойынша ұйымдастырылған. Кәсіби қазылар алқасы біздің еңбегімізді жоғары бағалады, – деді А. Асылбекова.

«Тұмар» ансамблі осы байқауға екінші жыл қатысты. Балалардың сәтті өнер көрсетуі – жас бишілердің шеберлігінің шыңдалғанын көрсетеді.

Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын қорғайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button