«Жас сарбаз» шығармашылық студиясына қабылдау өтеді
14 қыркүйекте «Жас сарбаз» шығармашылық студиясына қабылдау өтеді деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2022 жылғы қыркүйекте Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауымен құрылған «Жас сарбаз» балалар студиясында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары айналысады.
Студиядан төрт бағыт – хореография, шешендік өнер, вокал және домбыра тарту бар. Үйірмелердегі сабақтар балалар мен жасөспірімдердің жеке қасиеттерін, таланттарын дамытады, патриоттық сезімдерін, туған ел тарихын, дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелейді.
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрінің тапсырмасымен Отар, Сарыөзек, Семей және Алматыда жаңадан ашылған балалар студияларын дамыту жұмыстары іске асырылып жатыр. Төрт бағытта сабақтармен мыңға жуық бала қамтылады.
Балалар студиясының тәрбиеленушілері жыл сайынғы «Айбын» әскери-патриоттық жиынына және үкіметтік деңгейдегі концерттерге қатысады. Құрылған кезінен бастап шығармашылық студия төрт рет жеке концерт беріп, көптеген қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанды.
2024 жылдың маусым айында «Жас сарбаз» би ұжымы Қырғызстандағы «Нәресте» халықаралық фольклорлық фестивалінде тамаша өнер көрсетті, ал тамыз айында Көкшетау қаласында 20 би ұжымы арасында өткен Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды.
Балалармен жоғары санатты педагогтар мен мәдениет саласының үздіктері жұмыс істейді. Биыл балалар студиясына қабылдау 2024 жылдың 14 қыркүйегінде өтеді.
Елордада шығармашылық студия Астана қаласы, Республика даңғылы, 2 мекенжайында жұмыс істейді.
Хабарласу үшін: Асылбекова Альмира Ерсалимқызы, «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының жетекшісі, ұялы телефоны: +7 705 567 9246.