Елорда тынысы

Жас сарбаздар ант қабылдады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінде әскерге шақырылған  800-ге жуық жас сарбаздың әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=3510]

 Іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұлан бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов, Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері – генерал-майорлар Дәулет Салханов, Сағатбек Нұрахметов және полковник Александр Парпура, жергілікті атқарушы органдар мен полиция басшылары қатысты.      

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов жас ұландықтарға құттықтау сөз сөйледі.

– Бүгін Отанға адал болуға ант қабылдау арқылы өміріңіздің маңызды кезеңінен өттіңіз. Отан қорғау – әрбір ер азаматтың қасиетті борышы. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты, елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ете отырып, сарбаздар Қазақстанның одан әрі дамуына өз үлестерін қосуда, – деді ол.

Жас сарбаздарды әскери ант қабылдауларымен құттықтаған Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Тоқышев оларға қызметте табыс тілеп, қоғамдық тәртіп пен ел қауіпсіздігін сақтауда ерекше жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button