Елорда тынысы

«Жас сарбаздың» жарысы

«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы «Отан. Әскер. Жас сарбаз» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қарулы күштердің 30 жылдығына орай елордамыздың жасөспірімдері арасында жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=3044]

Марафонға Нұр-Сұлтан қаласынан 300-ге жуық жасөспірім мен жастар қатысты. Ұлдар арасында 3 шақырым, ал қыздар арасында 2 шақырым қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Жеңімпаздар «Жас сарбаз» қозғалысының арнайы атрибутикалары мен алғыс хаттары және төсбелгілермен марапатталды.

Аталған шараға Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы атынан Мейірбек Меңдіғалиев, осы қозғалыстың Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button