Мәдениет

ЖАС ШЕБЕРЛЕР КӨРМЕСІ

Астанадағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  балалар шығармашылығы мен бейнелеу өнерінің «Тұмар-2016» қалалық көрмесінің қорытындысы шықты.

709b1e22c22fbb42b7899926e0b

Игілікті шараның мақсаты – жас жеткіншектерді халық шығармашылығына тарту көзделген. Көрмеге елордалық мектептерден 250 оқушылар қатысып, өздері жасаған түрлі бұйымдарын жұртшылық назарына ұсынды.

Байқау нәтижесі бойынша «Арт-инсталляция» аталымында «Нұр Орда» мектебінен келген сегіз жасар Ахмет Қабдолла топ жарды. «Сәндік-қолданбалы өнер» санатында №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Қайорғазинованың өнері жоғары бағаланды. «Макеттер, коллаждар, қағазбастылық» аталымында №27 мектеп–лицейінің оқушылары  Камилл Камалов пен Елена Кирпичеваның еңбектері үздік деп танылды. №1 математикалық-экономикалық лицейдің оқушысы Ермек Тұрғымбаев ең креативті мүсіннің авторы атанды.

– Бүгінгі таңда әр мектепте технология пәні өткізіледі. Сондықтан, қолы ісмер, шебер балаларға өздері жасаған дүниелерін көрсететін алаң қажет. Көрмеге түрлі жұмыстар ұсынылды. Өткен жылы негізінен, ұлттық нақыштағы бұйымдар көбірек болса, биыл еліміздің болашағына  арналған заттар молынан ұшырасты, – дейді М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button