Мәдениет

Жас суретшілер көрмесі

«Kulanshi» заманауи өнер орталығы мен Еуразия­лық өнер академиясы елордада «Бір қадам алға» атты жас суретшілердің көрмесін ұйымдастырды. Көрменің кураторы – бейнелеу өнері саласындағы философия докторы, Еуразиялық өнер академиясының президенті Лейла Махат.

[smartslider3 slider=3291]

 

Вернисажда қазақстандық жас суретшілер Данияр Мұхамбетов, Юлия Москаленко, Әзиз Сарамбетов, Жеңіс Молдабеков, Елена Мироненко, Мәдина Қуанышева, Қанат Абдиннің және австриялық Флориан Меснердің туындылары қойылды. Өнертанушылардың айтуынша, жас суретшілердің картиналары еліміздің бейнелеу өнерінің дамуындағы жаңа кезеңді бейнелейді, жаңа көзқарас, жаңа идея тудырады.

Әсіресе Венадағы фантастикалық реализм мектебінің өкілі, суретші Флориан Меснердің жұмысы көпшіліктің назарын аударды. Оның картиналары адам өмірінің әр қадамы туралы ойлануға жетелейді.

«Біз адамдар өздерінің шынайы болмысын білмейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Менің картиналарым адамдарды оятуға шақырады» дейді суретшінің өзі Флориан Меснер.

Жас суретшілер көрмесі 15 тамызға дейін жалғасады.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button