Жаңалықтар

Жас суретшілер көрмесі

Бүгін елордадағы «Forte Kulanshi Art Space» өнер галереясында «Мета ғалам» атты көрме ашылады. Аталмыш көрмеге жас қазақстандық суретшілердің туындылары қойылады.

[smartslider3 slider=1999]

Атап айтқанда, Айтжамал Тастамбекова, Алмас Нұрғожаев, Әнуар Шаймергенов, Аруай Тасмағамбетова, Асқар Нұрболат, Дархан Жаймұрзиев, Сәулет Жәнібек, Стас Агапитов және София Тейдер туындыларын ұсынады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрмеге қатысушы суретшілер еліміздің әр қаласында тұрады. Ұсынылатын жұмыстар да әртүрлі стильдер мен техникада, әртүрлі жанрларда орындалған. Соның ішінде кескіндеме, графика жанрларындағы туындылармен қатар мүсіндер де ұсынылады. Аталмыш көрмені 20 наурызға дейін тамашалауға болады. Оның бір мақсаты – жас суретшілерді елге таныстыру.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button