Денсаулық

«Жас толқын» – қамқорлық орталығы

Астанада №3 қалалық емханада орналасқан «Жас толқын» жастарға арналған денсаулық орталығы – ең белсенді орталықтардың бірі. Орталық мамандары күн сайын қаланың колледж студенттерімен жұмыс істейді. Атап айтқанда, семинар, тренинг, шеберлік сабақтары, ашық есік күндері мен денсаулық фестивальдерін ұйымдастырады.

 Жыл басынан бері «Жас толқын» орталығына 2000-ға жуық адам жүгінген. Олардың көбі психологтарға барып, кеңес алған. Жалпы, 562 іс-шара ұйымдастырылып, оған 15 мыңнан астам қатысқан.

«Біз жастарға қолдау білдіруді көздейміз. Барлық қыз­меттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі. Бұл жүйе жастарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек алуды қамтамасыз етеді» дейді орталық жетекшісі Динара Түсіпбекова.

Жалпы, Астанада әрбір қалалық емхана жанынан ашылған 23 жастар денсаулық орталығы 14-35 жас аралығындағы жастарға көмек көрсетіп келеді. Мұнда отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен жұғатын түрлі аурулар туралы кеңес беріп, алкоголизм, нашақорлық, темекі шегудің алдын алу, дұрыс тамақтану, стресті жеңу, депрессия мен зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыстар жүргізеді.

Психологтар жасөспірімдермен қарым-қатынас дағдыларын дамыту, агрессияның алдын алу және стреске төзімділікті арттыру бойынша тренингтер өткізеді.

«Сондай-ақ орталықта еріктілер клубы жұмыс істейді, оған колледж және университет студенттері кіреді. Біз жастардың мейірімділік және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға тырысамыз. Олардың дені сау және бақытты болып өсіп-жетілуіне барлық жағдайды жасаймыз, – дейді орталық жетекшісі.

Әсемай РИНАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button