Басты ақпарат

Жаса, жаса, гүл-дариға жылбасы!

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Еңсесі биік ерліктің байрағы, іргесі сөгілмес бірліктің айғағы болған бұл мезгіл – қашанда ырыс пен ынтымақ мерекесі.

Тіршіліктің жаңарып, табиғаттың жаңғырып, ізгі­лік нұрын шашқан осынау шақты халқымыз мол­шылық пен жасампаздықтың бастауы, бірлік пен берекенің арқауы деп бағалайды.

Биылғы 15 жылдық бедерлі белесін асқақ абыроймен бағындырып отырған еңселі елордамыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақ­тарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Иманғали Тасмағамбетов,
Астана қаласының әкімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button