Қоғам
Жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді

Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдар KazLLM үлкен тілдік моделін жасау үшін қазақ тілінде 1 млрд-тан астам сөз қолданысын берді. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлады astana-akshamy.kz.
Оның айтуынша, Ұлттық тіл моделін әзірлеуге және тестілеуге 117 сарапшы, сондай-ақ 40-тан астам ғылым кандидаттары, PhD докторлары және ғылым магистрлері тартылды. KazLLM тілдік моделін оқыту қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 млрд токен негізінде жүргізіледі.
«Сондай-ақ, Министрлік ЖИ кадрларын даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2024 жылы «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің ұсынылатын мазмұнын, сондай-ақ білім беру процесінде ЖИ пайдаланудың жалпы принциптерін айқындайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде ЖИ қолдану бойынша ЖОО-ның аралық стандарты бекітілді. Сондай-ақ Министрлік жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына ЖИ қолдану бойынша құзыреттерді игеруге бағытталған пәндерді барлық білім беру бағдарламаларына енгізуді көздейтін өзгерістер енгізді. Осыған байланысты 20 ЖОО базасында ЖИ бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді, олар бойынша 2196 студент оқиды», – деді ведомство өкілі.