Мәдениет

Жасөспірімдер жарысты

Елордада спорт күніне орай шағын футболдан балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс өтті.

18-20 тамыз күндері Триатлон саябағындағы жасыл алаңда тартысқа толы ойын болды. Чемпионат үш жас санатын қамтыды. Онда U-10 санатында 16 команда, U13 санатында ең көп 42 команда және U16 санатында 27 команда бас жүлдеге таласты. Сондай-ақ 5×5 форматындағы футболда ойыншылар шексіз мөлшерде ауысып, бір тайм үшін 8 минут уақыт берілді.

Осы жарыста Астана қаласынан «Астана», «Жеңіс» және Бірінші лигада SD Family сынды клубтар бақ сынасты. Сондай-ақ чемпионаттың супер финалы 21 тамызға жоспарланған. Жеңімпаз командалар 900 мың теңге ақшалай жүлдемен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button