Sport

ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫЛАР ЖАРАДЫ

Украина астанасы Киевте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар  тамаша көрсеткішке қол жеткізді.

Әлем біріншілігінің жартылай финалына Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы шыққан еді. Алайда ақтық сын алдындағы айқастарда бес боксшымыз қарсыластарына жол беріп қойды. Ал алтын үшін өткен жекпе-жектерде Рахат Маржықпаев (66 кг) пен Абылайхан Жүсіпов (57 кг) өз салмақтары бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ақтық сында сүрінген Қадырбек Садырбек күміс жүлдеге ие болды. Әлімжан Бескемпір, Серік Теміржанов, Стоян Мазур, Бауыржан Темірхан және Дмитрий Зиско қоланы қанағат тұтты.

Жалпы командалық есепте үш алтын, бес күміс және екі қола медаль алған Ресей құрамасы бірінші орынды иеленсе, үш алтын медаль алған Куба құрамасы екінші орыннан көрінді. Ал біздің жігіттер үшінші орынға табан тіреді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button