Sport

Жасөспірім шахматшылар жарады

Four Cities Friendship Chess Championship 2020 – Junior Division ­халықаралық шахмат онлайн матч-турнирінде қазақстандық «Astana» командасы айқын жеңіске жетті.

Елдер мен төрт қаланың жасөспірімдері арасындағы халықаралық турнирге Нұр-Сұлтан, Гонконг, Сингапур қалалары мен Малайзияның командалары қатысты.
«Astana» шахмат командасы сапында өз жас санаттарына қарай ҚР чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған шахматшылар өнер көрсетті. Онлайн жарыста Аят Абдуллаев, Иманғали Ақылбай, Даниял Сапенов, Алдияр Ансат, Әлихан
Хажатұлы, Сауат Нұрға­лиев, Назар Талғатов, Эдгар Мамедов, Әлидар Арын, Данис Қуандықұлы, Нұрсұлтан Намазкеев, Әлішер Абсаттар, Айжарық Қализа, Зарина Нұрға­лиева, Мәлика Жапарбекова, Елназ Қалиахмет, Далия Диасқызы және Ханзада Аманжол жеңімпаз атанды.
Ел намысын абыроймен қорғаған жеңімпаздарды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтап, елдің абыройын көтерген жасөспірім шахматшыларға спорт сайыстарында сәттілік тіледі.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button