Ел тынысы

Жасөспірімдер мәселесі талқыланды

Елордадағы Ш.Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен қала әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

[smartslider3 slider=3639]

Комиссияның кезекті отырысына қалалық Білім, Қоғамдық денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары мен Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандарының полиция департаменттерінің, сондай-ақ «Құқық» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. – Қазіргі уақытта балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі

қоғам алдындағы өзекті проблеманың біріне айналды. Бүгінгі таңда бұл – жаһандық проблема, оның салдары ауыр. Сондықтан балалар мәселесіне баса мән беру керек, – деді кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенова. Бүгінде отбасында ата-ана мен жасөспірім арасындағы түсініспеушілік, үлкендердің бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, мектеп жасындағылардың сабаққа бармауы күнделікті өмірде жиі кездесіп жатады. Ал бос жүрген баланың

бір «бәлеге» ұшырайтыны белгілі. Отырыс барысында осындай жүгенсіз жүрген жасөспірімдерді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатқа жіберу мәселесі қаралды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу, ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтік есепке алу және кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мәселесі кеңінен талқыланды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button