Жасөспірімдер жеңісі

Нұр-Сұлтан қаласының «№8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің» 2007 жылы туған жасөспірімдер командасы футболдан бірінші және екінші лига біріншілігінде Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.
Павлодар қаласында өткен финалдық турда елордалық жасөспірім футболшылар алдымен «Жас қыран» командасынан басым түссе, соңғы шешуші ойында «Мақтаарал» командасын 8:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Чемпионаттың қорытындысында елордалық Саят Әуесхан «Үздік шабуылшы», ал Сұлтан Ақылбеков «Турнирдің үздік ойыншысы» аталымының иегері атанды.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының №8 БЖМОРСМ командасы 2006 жылы туған жасөпірімдер біріншілігінде күміс жүлдегер атанса, 2005 жылы туған жасөспірімдері қола жүлдеге ие болды.