Sport

Жасөспірімдеріміз ‒ жарыс жеңімпазы!

Елордада футболдан жасөспірімдер арасындағы халық­аралық дәрежедегі Қазақстан Республикасы Прези­дентінің кубогын қазақ елінің өрендері жеңіп алды.

Жарысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қыр­ғызстан, Қытай, Литва және Бразилияның «Ботафого» командалары қатысты.

Екі топқа бөлініп сынға түскен турнирде Қазақстан мен Иран елінің жас футболшылары жеңіске жетіп, ақтық сында бақ сынасты. Алма-кезек шабуылмен өткен ойынның жетпіс бесінші минутында жалғыз голды Максим Котов салды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы кубок жеңімпазы атанды. Екінші орынды ‒ Иран жеңіп алса, үшінші орын Литва елінің бозбалаларына бұйырды.
Турнирдің үздік қақпашысы ‒ Олег Грубов (Қазақстан), үздік қорғаушы ‒ Ричардас Швейкаускас (Литва), үздік жартылай қорғаушы ‒ Роман Гусейнов (Әзірбайжан), үздік шабуылшы ‒ Иран құрамасының капитаны Вахид Афтари деп танылса, ең үздік ойыншы сыйлығын Қазақстан құрама­сының футболшысы Владислав Васильев иеленді.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button