Жаңалықтар

Жасотандықтар белсенділігі жоғары

Жастар – жасампаз күш. Олар жалынды, жігерлі болса, алынбай­тын асу жоқ. Бүгінгі ұрпақ – алдың­ғы ағаларға сенімді қолқанат, ертеңге құлшынысы мықты, жалындап тұр­ған толқын. «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті Х кон­­фе­рен­циясы өтті. Оған Астана қаласы әкімінің орынбаса­ры Аи­­­да Ба­лаева, «Нұр Отан» ХДП Ас­­та­­на қалалық филиалы Төра­ға­сы­­­ның бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов, Қазақстан Респу­­бли­­касы Парламентінің депутаттары, «Жас Отан» жас­тар қанаты Аста­на қалалық филиалы­ның белсен­ді мүшелері қатысты. Басқосу барысын­да Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы, «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі­не баратын делегаттар сайлан­ды. Сондай-ақ, «Жастар – Отанға» атты 2020 жылға дейінгі стра­­те­­гия­лық жоба тал­қы­лан­ды.  Атал­­мыш жоба жастардың жағдайы мен тұрмы­сын барынша жақсартуға мүмкіндік береді.

Алқалы жиында сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева: «Бүгінде елімізде 1043 жас­­тар ұйым­ы болса, оның ішіндегі ең ауқымдысы әрі белсендісі «Жас Отан» жастар қанаты болып табылады. «Жас Отан» жастар қанаты – «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының берік тұғыры ғана емес, мемлекеттік жас­тар саясатын қалыптастыру мен да­мы­­ту­дың үлкен орталығы» дей келе, партияның Ас­та­на қалалық филиалының төр­ағасы Иман­­ғали Тасмағам­бе­тов­тың сәлемін жеткізді. Ел да­м­уы үшін жастардың жаңа идеялары керектігін атап өткен ол, залдан қойылған сұрақтарға да тұшымды жауап қайтарды. Сондай-ақ, бола­шақтың іргетасы мықты болып қалануы үшін, жастардың мәсе­ле­сін шешіп, олардың мәде­ние­ті мен тәр­биесіне жіті көңіл бөлу ке­­рек­тігін айтты.

Бүгінде жасотандықтардың қо­ғам­дық белсенділігі жоғары. Олар­дың бастама­сымен «Ауылдың гүл­­ден­уі – Қазақстанның гүл­денуі» бағдарламасы аясында елді ме­­кен­дерді көркейтуге үлес қосушылар қатары артты. «Дипломмен – ауы­л­­­ға» бағдарламасы бойынша көптеген жас маман жұмысқа орна­­ла­с­ты. Сондай-ақ, «Қазақша сөйлесейік», «Еркін пікір» сынды жоба­лар­­ды жүзеге асырып келеді. Жасотандық­тар ел жастарының базалық әлеумет­тік проблемала­рын жоспарлы түрде шешуге көңіл қойды. Олар жас та болса бас болып, өз замандастарының қазір­гі қордаланған мәселелерін талқы­ға салып, шешу жолдарын қарастыру­да.
Шара соңында «Жас Отан» жас­­­тар қанатына шоғырланған бел­сенді өрендер білім мен еңбекті ұш­тастырып, ел игілігіне қызмет ету­­ге әзір екендерін білдірді. Кон­фе­рен­­ция жасотандықтардың бел­сен­ді мүшелерін марапаттаумен ая­қ­­­тал­ды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button