Жаңалықтар
ЖАСТАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
Астана қаласы Жастар саясаты мәселесі басқармасының бастамасымен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры «Жастар саясатының тиімділігін бағалау» тақырыбында жастарды жұмыспен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың өкілдеріне арналған екі күндік семинар-тренингтер ұйымдастырды.
Іс-шараға осы бағытта жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың 80-нен аса қызметкері қатысты.
Семинар барысында «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Жастар саясаты туралы» ҚР заңы, тағы басқа да маңызды мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен сөз етіліп, білікті психолог мамандар мен лекторлар дәрістер оқыды. Сонымен қатар, қатысушыларға психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды.
Сағи Орал