Жаңалықтар

Жастар гүл сыйлады

Елордалық «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай гүл шоқтарын таратты. 3 жыл бойы тіні үзілмей келе жатқан аталмыш шара аясында қаланың нәзік жанды тұрғындарына және қала көркін сақтап жүрген «Астана тазалық» мекемесінде жұмыс істейтін әйелдер қауымына 250 гүл берілді.

[smartslider3 slider=2351]

Мерейлі мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл күйге ие болған астаналық арулар жастарға алғыс айтып, ризашылық сезімін білдірді.

«Бізді құттықтап, қуаныш сый­лаған жандарға көп рақмет. Барша аналарды және бұрымдыларды мерекемен құттықтаймын. Елімізде тек қана тыныштық болсын!» дейді қала тұрғыны Салтанат Жылқыбаева.

Көз сүйсінерлік іске атсалысқан еріктілер де ерекше сезімге бөленуде. Солардың бірі Ернұр Табынбай «Аналарымыздың, қыздардың мерекесінде мейрам иелерін қуантуға асықпыз. Біз әрдайым қолдап, қуаттауға әзірміз. Барша нәзік жандарға зор денсаулық, отбасы амандығы мен бақ-дәулет тілейміз» деген тілегін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button