Руханият

Жастар кітап оқи ма?

Бүгінгі қоғам санасында «Қазіргі жастар кітап оқымайды» деген желдірме сөз желдей есіп, кітап сүйер жастарды жоққа шығарып жүр. Заман өзгеріп, технология дамыған уақытта жастар кітап оқиды дегенге сенгісі келмейтіндер баршылық. Себебі қазіргі заманда кез келген сала бойынша ақпарат табу қиын емес. Ғаламторға іздеген сұрағыңды жаза салсаң болды, бәрі дайын. Сонда қағаз кітаптың ғұмыры тоқтағаны ма? Немесе заман талабы осы ма? Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кітапханаларын аралап, сан түрлі пікір жинадым.

[smartslider3 slider=3192]

Алдымен «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығына бас сұқтым.

«Осы күнге дейін адамзат баласын толғандырған барлық сұрақтардың жауабы кітапта екеніне қазіргі жастардың көпшілігі мойынсұнып, жауапкершілік мол міндетке жүгінгісі келмейді. Ол дегеніміз – өз бетінше ізденуден, табанды болудан алшақ бейнесін көрсету. «Дайын асқа – тік қасық» дегендей, әртүрлі смартфон, гаджет арқылы материал көшірмесін ала салады, нәтижесінде ойлау қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Жалпы бұл қиындықтан қашу үшін кемінде айына бір жеңіл-желпі шығарманы оқуға әдеттену қажет. Кітаппен дос болу – жақсылыққа жол бастайды» дейді ғылыми орталық қызметкері Эльмира Бақиқызы.

Расында, адам баласының өміріне ғаламтор енгелі кітапты көненің көзі санайтын кейінгі ұрпақ үшін кітаптан смартфон құдіретті. «Болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады» деген сөз кей жастар санасына әлі жетер емес. Сол себептен бүгінгі қоғам ертеңгі елдің болашағы жастардан көңілі қалған. Бірақ бәріне бірдей күйе жағуға болмайды.

Елорда кітапханалары жастарға толы. Сөзімнің дәлелі – Ұлттық академиялық кітапханаға күніне орта есеппен мыңнан аса оқырман келеді. Басым көпшілігі – жастар. Соның бірі – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Нұрдәулет Жандауов.

КОМКОН-2 Еуразия орталығының зерттеуі бойынша қазақстандықтардың 16 жастан асқан тұрғындарының 32,9 пайызын кітап­құмарлар тобына жатқызуға болады екен. Соның ішінде детективтер мен ­шым-шытырық романдарды оқитындар бірінші орында тұр. Кәсіби ­әдебиетті қазақ­стандықтардың 25 пайызы сатып алса, салмақты әдебиеттерді интеллектуал­дар ғана сатып алады. Жоғары деңгейдегі кеңестік және қазіргі көркем шығармаларды қазақстандықтардың 5 пайызы сатып алады

«Бүгінгі жастар кітап оқуға ынталы. Мен кітапханаға келгенде үнемі кітаптан бас алмай оқып отыратын жастарды көремін және мақтан тұтамын. Өйткені ел жастарының кітап оқып, білім көкжиегін кеңейтіп, өз саласының нағыз маманы болып қалыптасуы кітап арқылы жүзеге асады. Сол себепті артық уақытымды әлеуметтік желіге емес, кітапханаға арнаймын» дейді Нұрдәулет.

Иә, орынды пікір. Жастардың кітапханадан табылып, өз уақытын тиімді пайдаланып жатқаны қуантады. «Білімді жас – қоғамның айнасы» дегендей, жастардың білімге деген құштарлығы күн санап өсіп келеді екен.

Осы тұста inform.kz сайтында өз пікірін қалдырған социология ғылымдарының докторы, профессор Мәнсия Сапарғалиқызының сөзін келтіру артық болмас.

«Жастардың көп бөлігі, кәсіби білім ала жүріп, жұмыс істейді. Уақытының тарлығынан олар кітап­ханаға тек сабағына не жазба жұмысына қатысты әдебиеттерді қарауға барады. Ал керекті ақпарат интернет көздерінен табылып жатса, мәселе басқа. Кітапханаға көркем шығарма оқуға шығармашылық мамандықты таңдағандар мен сол шығармалардан нәр алғысы келетін жастар барады деп ойлаймын. Сонымен қатар кітапханада демалыс кезінде көркем шығарма оқушылар да жоқ емес» дейді ғалым.

КОМКОН-2 Еуразия орталы­ғының зерттеуі бойынша қазақстандықтардың 16 жастан асқан тұрғындарының 32,9 пайызын кітапқұмарлар тобына жатқызуға болады екен. Соның ішінде детективтер мен шым-шытырық романдарды оқитындар бірінші орында тұр. Кәсіби әдебиетті қазақстандықтардың 25 пайызы сатып алса, салмақты әдебиет­терді интеллектуалдар ғана сатып алады. Жоғары деңгейдегі кеңестік және қазіргі көркем шығармаларды қазақстандықтардың 5 пайызы сатып алады. Бұл жерде кітап сатып алушылардың материалдық деңгейі орта, жоғары екенін ескеру керек. Көркем әдебиеттің ішінде кітапқұмарлардың 1,1 пайызы XX ғасырдың шетелдік прозасын, 0,9 пайызы XX ғасырға дейінгі прозаны, 0,6 пайызы отандық прозаны таңдайды деп сараптама жасаған.

Нұр-Сұлтан қаласындағы М.Әуезов атындағы қалалық орталық кітапханаға бардым. Ғимаратқа кірген сәттен бастап жастардың таласа қызметшіден кітап сұрап тұрғанын көрдім. Бұл жайттың мәнін білу үшін кітапхана қызметшісін сөзге тарттым.

«Студенттер оқуын аяқтап, жазғы демалысында көркем ­әдебиет ­жанрындағы кітаптарды алып оқуға күн сайын келеді. Тек студенттер ғана емес, мектеп оқушылары ­ата-анасымен келіп, ертегі, аңыз, түрлі энциклопедия алып оқиды. Бүгінде кітапханамызда ел жастарының кітап­қа деген қызығушылығын арттыру, отандық авторлардың еңбегімен таныстыру мақсатында ірілі-ұсақты іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл шаралардың мақсаты – жастарды білімге ұмтылуға, ойлау жүйесінің қалыптасуына, ең бастысы, кітап оқуға бейімдеу. Арнайы іс-шараларда оқырмандар жазушыларға сауалын қойып, жазылған кітап туралы ақпарат біле алады. Кітапты жанына серік еткен жастар мұндай іс-шараларды еш жібермейді. ­Сондай-ақ отандық авторлардың еңбектеріне жастар тарапынан сұраныс күннен-күнге артуда. Мысалы, Ербол Бейілханның «Құс қанаты», Рахат Мамырбектің «Ұлт туралы» кітаптары қолдан қолға тимейді. Кейде кітапханамызға жастардың көп келуінен олар кезекке тұруға мәжбүр. Кітапханамыздың көлемі шағын болған соң көп оқырманды қабылдауға шамасы жетпейді» дейді М.Әуезов атындағы қалалық орталық кітапхана меңгерушісі Гүлайым Жұмабаева.

Осы мақаланы жазу барысында «жастар кітап оқымайды» деген пікірдің жалған екеніне көз жеткіздік. Бүгінгі қоғамда кітапты жанынан артық жақсы көретін жастардың бар екені тура жолдан таймағанымызды білдірсе керек. Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі елдің кемелді азаматы, сондықтан барлық адам білімді болу қажет, ал білімге бірден-бір бастар жол – кітап.

Мақсат РАХЫМБЕРДІ,

Л.Гумилев атындағы

ЕҰУ студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button