Жаңалықтар

Жастар лаңкестікке қарсы

Кеше Астана қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ гуманитарлық заң университетінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері жайында әңгіме өрбіген жиын өтті.

Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры Талмұрат Данияр, осы департаментте басқарма басшысы қызметін атқаратын Ғалымжан Жалмырзаев, Астана қаласы Дін істері департаментінің директоры Жорабек Дәуренов, Қ.Қуанышбаев мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының әртісі Қуандық Қыстықбаев, Жастар саясаты мәселелі басқармасының басшысы Талғат Рахманберді, аталмыш университеттің ректоры Мақсұт Нәрікбаев және «Хазірет Сұлтан», С.Ғылмани атындағы мешіттерінің имамдары қатысып, экстремизмге қарсы жұмыс барысында туындайтын кейбір мәселелерді талқылады. Студенттер көкейде жүрген сұрақтарын дін өкілдеріне қойып, тұшымды жауап тапты.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button