Жаңалықтар

Жастар орталығы ашылды

Жақында «Алькато» бизнес орталығында кезекті рет жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды.

[smartslider3 slider=1075]

Негізінен, оның жұмысы жастарға психологиялық және мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ ұлдар мен қыздар мұнда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар мен қаладағы бос жұмыс орындары жайында толық ақпарат ала алады. Сонымен қоса жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру мүмкіндігі де бар.

– 2021 жылдың маусым айында жастарға қызмет көрсету орталығы алғаш рет демеушілік қаржыландыру есебінен Сарыарқа ауданында ашылған болатын. Енді алдағы уақытта Есіл және Байқоңыр аудандарында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Орталықтарда волонтерлік, яғни еріктілер көмегі де жандана түсетін болады, – дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button