Sport

ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖАРАМАДЫ

Жастар арасындағы (U 21) Еуропа чемпионатына іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы өз алаңында Армения жастарынан жеңіліп қалды.

«Астана Арена» стадионында өткен матчтың төртінші минутында қонақтар есеп ашты. Қазақстан құрамасының ойыншылары қанша тырысқанымен қарсыластар қақпасынын кілтін таба алмады. Сөйтіп, 1:0 есебімен Армения құрамасы жеңіске жетті.
Іріктеу турнирінің осыған дейінгі алғашқы ойынында жерлестеріміз сырт алаңда Белоруссия құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Ал келесі ойынды Қазақстан жастары Франция құрамасымен өткізетін болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button