Жаңалықтар

ЖАСТАР ТЕАТРЫНДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР

DSC_0124

Астана күні мерекесіне орай жыл сайынғы III халықаралық  «Сахнадан сәлем!» фестиваліне Жастар театры Ж.Б.Мольердің «Ақымақ болған басым-ай» комедиясын тарту етті. Спектакльдің режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев. 

Осыдан біраз уақыт бұрын қала әкімдігінің шешімімен Жастар театры бұрынғы К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының ғимаратына көшірілген еді. Жөндеу жұмыстарынан кейін театрдың салтанатты түрде ашылуына орай осы премьера көрерменге ұсынылды.
Ерлі-зайыптылардың әлеуметтік теңсіздігі қай кезде де өзектілігін жойған емес. Қойылымдағы Жорж Данден есімді кейіпкердің отбасылық өмірде басынан кешкен осындай қиындықтары ұтқыр әзілмен қызықты әрі әсерлі көрінді. Әлем драматургиясының алтын қорынан ойып орын алған, шытырман уақиға мен қызықты сюжеттің арқасында ғасырлар бойы сахна төрінен түспеген комедия өз көрермендерін тағы бір қуантты.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button