Мәдениет

Жастар театрының жаңалығы

Астаналық Жастар театрының репертуары тағы бір тың туындымен толықты. Елордалық көрермендер «Көк пен жердің арасы» мелодрамасының премьерасын тамашалады. Қойылым жастар арасындағы махаббат тақырыбына негізделген. 

Жақында ғана жалға пәтер алған Артур есімді жас жігіт үйдің ішінде өзінен басқа адам бар екенін сезеді. Дәлірек айтсақ, адам емес, пәтер иесінің рухын. Бойжеткеннің жаны тек Артурдың көзіне көрінеді. Осылайша екі жас бірімен-бірі сөйлесіп, ойларымен бөліседі. Қыз бен жігіттің арасында махаббат сезімі оянады. Нәтижесінде Артур ес-түссіз ауруханада жатқан қызды өлім аузынан аман алып қалады. Қойылымның режиссері, жас актер Дәурен Серғазин басты рөлді өзі сомдады. Айта кетейік, қойылым – жас талант иесінің режиссерлікке жасаған алғашқы қадамы.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button