1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

Жастар үшін мәні үлкен

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1996 жылы Еуразия университеті құрылды. Бүгінгі таңда еліміздің, елордамыздың дамуына өзіндік үлесін қосып, біздің түлектер түрлі салада табысты, нәтижелі еңбек етіп жүр.

Бас қаламызда қандай да болмасын мәдени, спорттық іс-шаралар, білім, ғылымды дамытуға бағытталған конференциялар өткізілсе, соның бәріне де студенттеріміз үнемі белсене атсалысады. Себебі елорда – жастардың қаласы. Жастарға осындай әсем де сәулетті шаһар салып, оны өркендетуге орасан мол үлес қосқан Елбасының еңбегі ұшантеңіз. Сондықтан бұл мерекенің жастар үшін маңызы зор.

Жамбыл ТІЛЕПОВ,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жастар департаментінің директоры

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button