Елорда күні

Жастар жалау тіккен шаһар

Елорда – студенттер мен жастар қаласы. Яғни болашақ зияткерлік орта осы қалада қалыптасып жатқаны анық. Қаладағы орта мектеп саны 1997 жылы 46 болса, бүгінде 149 мектеп бар. Оның ішінде 99 мемлекеттік және 43 жеке, 7 республикалық мектеп. Елорданың қарқынды дамуы, халықтың туу деңгейі мен ішкі көші-қоны оқушылар санының артуына әкелді. Мәселен, 1997 жылы мектептерде 45,4 мың оқушы білім алса, бүгінде контингент 215 мыңнан асады.

[smartslider3 slider=3414]

 

Арнайы қосымша үйірмелерге баруға жағдай жасалған. Соның ішінде заманауи стильде, қажетті техникалармен жабдықталған Оқушылар сарайын айта аламыз. Бұдан бөлек, биыл Балалар жылына орай «Sana», «Tanym» креативті және «Білім-парк» шығармашылық орталығы ашылды. Бұл орталықтарға бос уақытында мектеп оқушылары тегін қатыса алады.

Елордадағы балабақшалар саны да жыл сайын артып келеді. Мәселен, 1997 жылы астанада 36 балабақша болған. Бүгінде елордада 56 мың балаға арналған түрлі типтегі 430 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 100 мемлекеттік және 272 (оның ішінде 262-де мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) жекеменшік балабақша бар. Дегенмен балабақшалар санының қарқынды өсуіне қарамастан, орын жетіспеу­шілігі мәселесі елордалықтар үшін әлі де өзекті. Мұның өзі астанадағы бала туу көрсеткіші мен көшіп келіп жатқан жас отбасылар қатарының қаншалықты қарқынды екендігін көрсетеді.

Астанадағы ең белсенді жастар тобының бірі – студенттер. Арман қуып келген әрбір мектеп түлегі астанада мықты маман атануды мақсат тұтады. Бүгінде ­Нұр-Сұлтан қаласында 16 ЖОО бар және ­республика бойынша ел студенттерінің 10 пайыздан астамы бас қалада білім алып жатыр.

Қаламызда техникалық және кәсіптік білім беретін 35 колледж бар. Колледждердегі студенттер саны 1997 жылы 6,5 мың болса, бүгінде контингент 34 мыңға жуық студентті құрайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button