Мәдениет

Жастар жалыны

Nomad City Hall концерт залында елордалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін «Jastar jalyny-2021» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=603]

Фестиваль барысында 11-18 қазан аралығында студенттер 10 номинация бойынша сайысқа түседі. Аталмыш шараны Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстан жастар фракциясы өткізуде.
«Біз «Jastar jalyny» фестивалін жылдың басынан бері жоспарладық. Дегенмен індетке байланысты кейін­ге шегере тұруға тура келді. Бүгін де карантин режимін қатаң сақтау үшін залға көп адам жинамадық. Осы орайда қаламыздың 15 ­ЖОО-дан 10 адамнан көп емес жастарды жинадық. Басты мақсатымыз – жастардың арасында шығармашыл жандарды көрсету. Және солардың арасынан дарынды және талантты жастарды анықтап, оларды қолдау және жәрдем көрсету. Ең басты айта кететінім, фестивальге қатысушы барлық студенттер вакцина алған» деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Басты жүлде қоры – 500 мың теңге, қалған жеңімпаздарға 100-200 мың теңгеден беріледі. «Jastar jalyny-2021» фестивалінің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан жасақталған. Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалайды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button