БілімҚала мен Сала

Жастарды кәсіпкерлікке ынталандырады

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірге жастар арасында кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асыруда.

[smartslider3 slider=851]

Аталған жоба аясында мектеп оқушылары мен студенттеріне кәсіпкерлердің қатысуымен дәріс­тер мен кездесулер ұйымдастырылуда. Сондай кездесулердің бірі Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен №38 мектеп-лицей оқушылары мен жоғары сауда-экономикалық, техникалық колледждерінің студенттерімен әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеровтің «GreenTal» шеберханасында өтті. Кездесу барысында кәсіпкер бизнес бастау­дың жолдарын айтып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Кәсіпкер өз бизнесін аша отырып, ақыл-ой кемістігі бар, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып, оларға деген сенімнің артуына себепкер болып отыр. Бұл жандар ақша тауып қана қоймай, ұжымға үйреніп, өздерін қоғамның бір бөлігі екенін сезіне алады. «Мұндай кездесулер оқушыларды болашақта жеке кәсіп бастауға ынталандырып, қызығушылықтарын арттыратын болады» дейді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов. Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Рахметованың айтуынша, кездесулер мен дәрістер, ұйымдастыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында әр саланы қамтитын басқа да ірі өндіріс орындарында кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button