Қала мен Сала

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ЖАСТАР САРАЙЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖДЕРІ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ. ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ МЕН АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ШАРАҒА ӨНДІРІС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ 70-ТЕН АСА ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

«Бұл жәрмеңке жастарды, әсіресе, бітіруші түлектерді табыс табуға апаратын жол болады деп есептеймін. Негізгі мақсатымыз – қаламыз бойынша еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының биылғы түлектерін жұмысқа орналастыруға, жұмыс орнымен қамтамасыз етуге ықпал ету» дейді кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің басшысы Салтанат Басығараева.
Жәрмеңкеге құрылыс және коммуналдық шаруашылық, өндіріс, монтаж, пайдалану және жөндеу, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, көлік, қызмет көрсету, білім беру, құқық, медициналық, өнер және мәдениет, метрология, стандарттау және сертификаттау, энергетика, мұнайгаз және химиялық өндіріс, ауылшаруашылық, ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология мамандықтары бойынша барлығы 6408 колледж түлектері қатысты.
Жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің қызығушылықтарын, қабілеттерін ескере отырып, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу туралы әңгіме жүргізіп, кеңестер берді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары колледж бітірушілерін аралас мамандықты қалай алуға болатыны жөнінде, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмыспен қамту мақсатында мәліметтер базасына енгізді.

Гүлжан
РАХМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button