Жаңалықтар
Жастарды қолдайтын бағдарлама

Елордада жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін 4,8 мыңнан астам адам өтінім берді.
[smartslider3 slider=1052]
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 23 қаңтарда өткен Жастар жылының ашылу салтанатында: «Жас отбасыларға арналған баспана мәселесі ірі қалаларда өткір екенін ескере отырып, Үкіметке алдымен Астанада, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз ету қажет. Бұл пәтерлер жалдамалы баспана санатына жатқызылуы тиіс» деген болатын. Биыл осы бағдарлама бойынша елордада 1050 пәтер жалға берілетіні жоспарланып отыр. Жаңа бағдарлама бойынша елордада жұмыс істейтін 29 жасқа толмаған азаматтар үміткер бола алады.