Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИМЫЗ

Талғат РАХМАНБЕРДІ, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Сіз басқаратын мекеме жастардыңарасында жұмыссыздықты азайту мақсатында қандай жұмыстаржүргізіп жатыр?

– Астана қаласының Жастар саясатымәселелері басқармасы жастардың арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бірқатар игі істер атқаруда. «Астана қаласының 2013-2014 жылдарға арналған еңбек нарығын реттеу туралы жұмыс жоспары» бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыссыз азаматтардың саныназайту және жұмыссыздық деңгейін төмендету шеңберінде жұмыспен қамту қызметі халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын қолдануда. Оның ішінде: лайықты жұмыс іздеуге жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ, жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын ұйымдастыру (бұл оқудан бос уақыт кезінде оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіптік дипломнан кейінгі тәжірибесіне арналған «Жастар тәжірибесі» және халықтың нысаналытоптарыүшін әлеуметтік жұмыс орындары).Қазіргі уақытта «Жасыл ел»штабының қызметіне жастардытіркеу жұмыстары жүргізілуде. Көркейту, көгалдандыру жұмыстарына екі мыңнан астам жұмыссыз жастарды тарту көзделіп отыр. Ағымдағы жылғы 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырып, «Жасыл ел» штабының жұмыс маусымы салтанаттытүрде ашылды. Жұмыссыз жастарды және студенттерді аталған іс-шараға белсене араласуға шақырамыз.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралардың бірі www.job.astana.kz порталының құрылуы.

Жыл басынан бері 2 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. 16 наурызда Л.Н Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің базасында туризм саласында өткізілген бос орындар жәрмеңкесінде 700 оқу орындарының студенттері мен мектеп түлектері және 23 сәуірде Конгресс- Холлда өткен «Өзекті мамандықтар көрмесі – бос лауазымдар» жәрмеңкесі жұмыс іздеушілерге 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынған болатын.

Бос орындар жәрмеңкесі жұмыссыздарға лайықты жұмыс табуға, ал, жұмыс берушілерге – жұмыс орындарын жасақтауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, «Дұрыс таңдау жаса» атты кәсіби бағдар беру іс-шаралары ұйымдастырылды. Елордамыздың төрт мыңнан астам мектеп оқушылары өндірістік кәсіпорындардыңқызметімен танысты және сол мекемелердің өкілдерімен кездесулерге қатысты. «№1 Автобус паркі» АҚ, «Еврокоптер» ЖШС, «Цесна Астық» АҚ, «Целингидромаш» өндірістік кәсіпорны, «Астана полиграфия» ЖШС және тағы басқа өндірістік кәсіпорындар оқушыларға кең көлемді ақпараттар берді.

– Осы уақытқа дейін қанша адам жұмысқа орналастырылды?

–2013 жылғы 22 мамырға дейінгі деректер бойынша жұмыспен қамтуға 2566 адам өтініш жасаған, 424-і жұмысқа орналастырылған, қоғамдық жұмыстарға 840 жастар, оның ішінде оқудан бос уақыт кезінде оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға 261 адам, жастар тәжірибесіне 198 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 51 адам қатысуда. Есепте тұрған жұмыссыз жастар саны 2224 адамды құрайды. Алдағы уақытта жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру мақсатында «Балалар мен жасөспірімдердің босуақытын тиімді пайдалану және шығармашылық орталығын» құру және аула клубтарының даму картасын дайындау көзделуде. Осы іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қала аумағында қауіпсіз, спорттың сан алуан түрлері бар, дене тәрбиесі, сауықтыру, ағартушылық және мәдени-бұқаралық қызмет атқаратын аула клубтарының санын 11-ден 50-ге дейін арттыру, тәрбиеленушілердің санын 2 мыңнан 20 мыңға дейін жеткізу жоспарланған.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button