Uncategorized

Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі

Елордада жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және оларды тұрақты жұмыспен қамту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, елордадағы жастардың жалпы саны 455 мың адамды құрайды.

Қалада Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп, «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны» және т.б. бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. 2024 жылы жұмыспен қамту шараларымен барлығы 13 мыңнан астам жас қамтылды. Атап айтсақ, 4691 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 125 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 1220 орын берілді, 1602 адам қоғамдық жұмысқа араласты, 322 адам алғашқы жұмысқа орналасты, 5 адам «Ұстаздық келісімшарт» бағдарламасы бойынша, 83 адам кәсіптік оқуға, 3227 адам кәсіптік оқуға, 3227 адам электронды еңбек және 504 адам электронды кәсіптік білім алды.

Жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталған «Bastau Business» жобасы жүзеге асырылуда. 2024 жылы 44 грант бөлінді.

Сондай-ақ «ENBEK электронды еңбек биржасы» порталы жұмыс істейді, онда жастар қалада да, республика бойынша да жұмыс таба алады, сондай-ақ бизнеске несие алуға өтініш бере алады.

Мектеп, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруға бағытталған «Жасыл ел» жобасы жыл сайын жүзеге асырылады. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша 4200 мектеп оқушысы мен студенттер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы тағы 4200 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Жұмыссыздарды, оның ішінде жекелеген санаттағы жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында 2024 жылы Астанада 41 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

2023 жылдың тамыз айынан бастап елордада NEET санатындағы жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға баса назар аудара отырып, халықты жұмыспен қамтуға және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған Joltap жобасы жұмыс істейді. 2024 жылы 19,5 мың азамат 52 мемлекеттік қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша кеңес алып, қысқа мерзімді оқуға жазылды.

Мәселен, өткен жылы 6,9 мың қала тұрғыны жұмысшы және цифрлық мамандықтар бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеріп, 4000 адам жұмысқа орналасты немесе өз кәсіптерін ашты. 3 773 адам 7 цифрлық мамандық бойынша (SMM, таргетинг, контент жасаушы, графикалық дизайн, видеомонтаж, веб-дизайн және веб-сайттарды әзірлеу, негізгі цифрлық дағдылар) оқытылды.

3904 адам 10 жұмысшы мамандық бойынша оқытылды (тігінші, бариста, сатушы, сәнгер, электр және газбен дәнекерлеуші, бухгалтерлік есеп негіздері, аяқ киім жөндеу және кілт жасау, шкаф жиһазын жасау негіздері, дөңгелектерді ауыстыру бойынша автомаман, Kaspi желісінде сауда негіздері).

NEET санатындағы оқымайтын, жұмыс істемейтін немесе кәсіптік оқыту курстарына қатыспайтын жастардың санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Елордада жастардың NEET санаты 6,1% немесе 26 мың адамды құрайды. Осы санаттағы жастардың еңбек нарығына көшуіне көмектесу үшін «Астана жастары» КМК жастарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтендіру және жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды іске асырып жатыр.

Елордада 2019 жылы басталған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана» бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол жастарға жеке баспана алуға көмектесу мақсатында. Бағдарлама аясында әкімдік 3220 пәтерді жалға берді.

«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша жастарға жылдық 5 пайызбен, несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін, бастапқы жарна 10 пайыз, несие мерзімі 19 жылға дейін жеңілдетілген несие береді. Бұл бағдарлама аясында жастар баспананы бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып ала алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button