Жастардың еңбегін атап өтті
Президент мақаласында бірқатар маңызды мәселелер айтылды.
Оның ішінде нашақорлық, ойын құмарлық, “Таза Қазақстан”, мемлекеттік тіл, жастардың білім алуы және басқа да тақырыптар қозғалды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы жастарға үнемі ерекше көңіл бөлуде, олардың ел өміріндегі маңыздылығын әрдайым айтып жүреді.
Оның: «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіргім келеді” – деген сөздері жастарға күш пен шабыт береріне сенімдімін.
Жастар арасында Басқарма тарапынан бірқатар нашақорлықтың алдын алуға, жас отбасыларды, шығармашыл жастарды қолдауға, волонтерлікті дамытуға, студенттермен жұмысқа бағытталған шаралар іске асырылуда.
Самат Ибраев,
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері
басқармасының басшысы