Қоғам

Жастардың келбеті қандай?

Елорда – жастар қаласы. Бас қаламызда 14-29 жас аралығында 223374 жас тұрады. Бәрінің әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Дегенмен олардың келбеті мен көркіне жұмсалатын қаражаттың құнын сұрап білу үшін жастардың ортасына барған едік.

[smartslider3 slider=3267]

Бозбалалардың ұзын, қысқа етіп шаштарын қиғандар арасында корей стиліндей төбесіне буып не өріп алатындар топтан бөлініп көзге түседі. Шаштарын бояп алғандар да жетерлік. Салыстырып қарасақ, олардың 60%-ы корей стиліндегі шаш үлгісін, 5-7%-ы шаштарын ұзын етіп өсіргенін ұнататынын байқадық. Осы топтың 30%-ы қысқа қиған екен. Бұлардың көбісінің жасы – 20-дан асқандар, арасында қызылды-жасылды шашын бояғандар 2-3% құрайды. Сұрастырғанымызда, жігіттердің 70-80%-ы арнайы салонға емес, өздері үйреніп қалған жерлерге баратынын сөз етті, яғни базардың тұсы, үйінің жаны және т. б. Бір жігіттің айтуынша, мүлдем шашын алмайды екен. Шаш алуы құны 700 теңгеден басталып, 5000 теңгеге дейін жетеді.

Қыздардың шаш үлгісі ерекше. Шаштарын жайып алған қыздарды жиі кездестіруге болады. 50-60% – ұзын шаш, 30-40% – қысқа шаш, 10-15% – өте қысқа шаш үлгісі. Олардың шаш қысқарту құны – 3000-10000 теңге аралығында. Шашын қысқартып, жуып, сәндеудің өзі – 8000-9000 теңге. Жігіттер де, қыздар да арнайы бутиктерден киінеді. Үлкен сауда орталықтарында киім табуға болады, бірақ аса таңдау жоқ. Ал бір киіну құны 30000-60000 теңге аралығында. Қазіргі таңда киім кию де қымбатқа түскен.

Соңғы кезде жастардың жүріс-тұрысында өзгеріс байқалады. Олардың қолдарында жүретін «электронды темекі», кәдімгі шылымды қолданбайды, яғни жиі байқамайсың. Бұл құралдарды 18-19 жасқа дейінгі жастар жиі пайдаланады.

Киімге, жүріп-тұруға көп қаражат кетері сөзсіз. Жастардан бұл жөнінде сұрап білдік. 60-70% өз ақшасына күн көріп жүргенін айтты, 20-30% ата-анамыз көмектеседі дейді. Оларға қазір жұмыс көп. Ақырындап өз бизнесін бастап жатқан жастар да аз емес. Студенттердің 31000 теңге стипендиясы бар. Кейде ақшадан қиналып жататын кездер де болады дейді, бірақ сонда да бұл жағдайдан шығып жататын сәттер көп кездеседі деседі.

Елорда тұрғыны Гүлдана жастардың ашық киінетініне, бейпілауыздығына, кішкене дөрекілігіне риза емес екенін айтты. «Жастар – біздің болашағымыз. Шетелге еліктемей, қазақилықты ұстану қажет» деп есептейді ол. Ал Ербол есімді қала тұрғыны олардың ерекше еркін екенін, өзінше болмыс қалыптастыра алатынына тоқталды. Мысалы, шетелде оқып келіп жатыр, көзі ашық, өз елін сүйіп, ел намысын көтере алады дейді.

Міне, бүгінгі жастардың келбеті ­осындай.

Зылиха БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button