Жаңалықтар

Жастардың тың бастамалары мен озық идеялары

«AMANAT» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық ­филиалының атқарушы хатшысы Берік ­Жакенов «Жастар рухының» кезектен тыс VI съезіне ­қатысқан делегаттармен кездесті.

[smartslider3 slider=3543]

Биыл 19 шілдеде партияның елордалық филиалында өткен кездесуде әдемі әңгіме өрбіп, жаңашыл бастамалар көтерілді. Кездесу барысында Берік ­Жакенов, ең алдымен, ұйымның жаңа атауымен құттықтап, съезд делегаттарымен еркін форматта әңгіме құрды.

Жастар бүгінде маңызды болып тұрған тайм-менеджмент және PR салалары бойынша алған шеберлік сабақтары туралы, сонымен қатар партия төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сынды белді тұлғалардың сөздерінен алған әсерімен бөлісе кетті.

Ойталқыда жастар ақпарат­тық толқынның қарқынды дамып келе жатқанын, сондықтан ақпараттық кеңістікте өз ойын ортаға салуға, блогинг саласын дамытуға көңіл бөліп жатқанын жеткізді.

Жастар жаңашыл жобаларды қолға алу керек екенін, әр өңірдің басқа аймақтан алар жобалары бар екенін атап өтіп, ойларын ортаға салды. Кездесуде партияның қоғамда алатын рөлі де қозғалды.

«Саяси партия тұрақтылық пен бірліктің, бақытты да бейбіт өмірдің кепілі әрі оған жауапты. Біз көзі ашық, көкірегі ояу, ел ертеңі үшін маңызды қадамға бара алатын, ел игілігі жолында тың идея ұсына алатын азаматтарға, жастарға әрқашан ашықпыз. Жастармен тұрақты түрде осындай басқосу өткізуді әдетке айналдыруға келістік. Қаламыздағы отыз алты мың партияластардың жиырма бес пайызы – жастар. Біз үшін ел қамын ойлайтын, отаншыл азаматтарды тәрбие­леу, партияның оқып-үйрету мектебінен тәлім алғызып, елдің пайдасына қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу – ­парыз.

NEET санатындағы, яғни жастар арасындағы масыл топтардағы азаматтармен біз мүмкіндігінше жүйелі жұмыс жасаудың жолын қарастыр­ғанымыз жөн. Еңбек еткен адамның қашан да еңсесі биік, әрі қашан да қоғамдағы құрметі бөлек. Ұлы Абай айтқандай: «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» демекші, жастардың қоғамда жалғыз емес екенін біз де сезіндіре білуіміз керек.

Кешегі қасіретті қаңтар оқиғасында алаңға кімдер шықты, ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен жастар шықты. Олардың бәрі – біз үшін бауыр еті балаларымыз, іні-қарындасымыз. Сондықтан осы санаттағы жастарды әлеуметтендіру, жұмыссыздық деңгейін төмендету – маңызды шара» деп атап өтті Берік Оралұлы.

Өз кезегінде ойталқыда елордалық филиал алаңын кеңейту, қоғамдық бірлестік бақылаушы немесе орындаушы орган ретінде емес, конструктивті алаң ретінде, шығармашыл жастарды біріктіретін, ел дамуына атсалыса алатын ұйым ретінде одан әрі дамыту керектігі айтылды.

Кездесу соңында: «Елді алға бастайтын сіздерсіздер, сіздерден барша ел тың бастама мен озық идея күтеді. Әділетті Жаңа Қазақстанды құру бүгінгі жастардан басталады. Әділетті Жаңа Қазақстан – ертеңгі жастардікі» деді атқарушы хатшы.

 

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button