БілімЖаңалықтар

ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

DJ3A9417

Бейбітшілік және келісім сарайында қалалық «Жаңа белес-2014» атты студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Халықаралық студенттер күніне орайластырылған аталмыш шара Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Астанадағы 14 жоғары оқу орны мен 35 колледждің ең белсенді жастары шақырылды. Олар – ҰБТ-дан жоғары ұпай жинағандар, ректор грантына ие болғандар және халықаралық білім, спорт, өнер сайыстарында жеңіске жеткен 1-курс студенттері.

«Студенттік билет – мектептен шыққан жас түлектің жаңа белесі. Осы белеске шыққан адам ең керек білімді санасына тоқиды, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Жас дарындардың бойындағы шығармашылық қабілеттерді жетілдіру мақсатымен бүгінгі мерекелік концертте биылғы «Жастар жалыны» фестивалінің үздіктері де өнер көрсетеді» деді Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков.

Екі мыңға жуық студент жиналған осы кеште «Бәйтерек», «Меломен» және «Формат» тобы, Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Серік Ибрагимов, ағайынды Жүгінісовтер сынды бірқатар эстрада жұлдыздары  ән шырқап, жастарға студенттік билет пен естелік ретінде жасалған статуэткаларды табыстады.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button