Елорда тынысы

Жастарға арналған жинақ

Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді. Әр парақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауындағы дәйексөздерімен басталады.

Бұл жұмыс аптасын тиянақты жоспарлау мақсатында жас шенеу­ніктерге арнайы әзірленген. Оның авторы – «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі Нарбек Қожахметов. Күнделіктің ерекшелігі сол, жазу жолағымен қатар, ондағы әр парақ Мемлекет басшысының соңғы Жолдауындағы дәйек­сөздерімен басталады. Қазіргі таңда кітапшаның 500-ге жуық данасы басып шығарылған. Оны аталмыш қозғалыс мүшелері жуырда тағайындалған жас министрлерге, сондай-ақ депутаттар мен судьяларға табыстайтын болады.

– Айта кетерлігі, министрлердің жас ерекшелігі. Экология мен Спорт министрі 32 жаста небәрі. Сол үшін Президент сөзін арқау етіп кітапшаларды басып шығардық. «Екінші Республика құрылысшысы» деп біз Президентіміздің саясатын жақтайтын және Жаңа Қазақстан құру мақсатында жұмыс істейтін адамдарды атаймыз, – деді «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button