Елорда тынысы

Жастарға насихат айтылды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен іс-шарада жастарға психобелсенді заттар мен электронды темекінің зияны, есірткінің зардабы түсіндірілді.

Жастар саясаты басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, салауатты қалып­тастыру орталығы ұйымдастырған акцияға жастар көптеп қатысты.

Акция аясында №3 қалалық емхананың уролог, психолог, гинеколог дәрігерлері студент жастарға ақыл-кеңес берсе, СПИД орталығының мамандары ВИЧ-тест алды. Сондай-ақ түрлі тақырыпта видеоролик көрсетіп, викториналық сұрақтар қо­йып, жастарға салауатты өмір салтының маңызын түсіндірді.

Жастар саясаты басқармасының мектеп және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бағдат Атымтай «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Астана қаласы Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильинов синтетикалық заттарды сату, жарнамалау және тәркілеу фактісін ашуға бағытталған шаралар туралы айтты.

Қазіргі қоғамның басты мәселесі – интернетке тәуелділік. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында смартфон мен компьютерге тәуелділік көбейіп келеді. Тәуелділіктің бұл түрінен жастарды айықтыру – ұзақ процесті алатын психологиялық жұмыс. Бұл тақырыпта «Restart» республикалық жобасының үйлестірушісі Диар Ыдырыс-Белбайлы сөз етті. СПИД орталығының маманы Ажар Тұрымова ғасыр індетіне баланған СПИД-ті жұқтырып, өмірі үзіліп жатқандар туралы айтып, одан сақтану жолдары туралы баяндады.

Ал салауатты қалыптастыру орталығының директоры Қанат Қамзин:

– Нашақорлықтың алдын алу мәселесін ашық талқылап, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау – негізгі міндетіміз. Өз саласының кәсіби мамандарын шақырып, жастарға психобелсенді заттар мен электронды темекінің және есірткінің адам өміріне залал-зардабын түсіндірдік, – деді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button