Елорда тынысы

Жастарға пәтер берілді

Елордада 2021 жылға арналған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана» тұрғын үй бағдарламасының нәтижелері жарияланды.

[smartslider3 slider=1579]

Бағдарлама бойынша өткендердің арасында екі көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан 800 пәтер бөлінеді. Биыл «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға 4863 адам өтінім берді, олардың 800-і жақын арада пәтер кілтін алады.

Бағдарламаның барлық қатысушыларына «Іріктеуден өтті», «Резерв» немесе «Бас тартылды» деген смс-хабарламалар жіберілді. Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланды.

213 пәтер Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысында, 587 пәтер Абылай хан, Б.Момышұлы және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан.

Бағдарлама бойынша өткендер үшін қоныстандыру уақыты мен күні, пәтердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады және qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте орналас­тырылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button