Ресмиет

Жастарға қолдау көрсетеді

Жұмыссыз адамның екі қолға бір күрек іздеп, жұмысқа орналасуға үміттеніп баратын жері – Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығы. Жыл басынан бері мұнда 17 мыңнан аса азамат келіп, жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш білдірді.

[smartslider3 slider=1510]

Бүгінгі таңда орталықта 4 мыңнан аса адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Бір қуанарлығы, жыл басынан бері осы орталыққа жүгінген 7200 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылыпты. Ал үш мыңға жуығы қазірдің өзінде жұмыспен қамту белсенді іс-шараларымен айналысып жүр.

– Бізге, әсіресе, жастар көп келеді. Сондықтан осы орталықта жүзеге асырылған жастар тәжірибесі мен қоғамдық жұмыстардың алатын орны ерекше. Сол арқылы бүгінгі таңда мыңдаған жас жігіттер мен қыздар күнделікті нәпақаларын тауып жүр, – дейді Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Бағила Орымбетова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button