Жаңалықтар

Жастарға жағдай жасалады

Биыл елордада «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының жұмысы айтарлықтай күшейтілді.

[smartslider3 slider=2047]

Бағдарлама мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесінен өтуге арналған. Оған колледжді немесе ЖОО-ны соңғы үш жылда бітірген жастар қатыса алады. Бағдарламаға қатысушы 29 жастан аспауы тиіс. Сондай-ақ шарттардың бірі – мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы. Бағдарлама ЖОО мен колледж түлектеріне мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін және бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға көмектеседі. Жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан аспайды.

Биыл, ҚР Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, практикадан өту мерзімі 1 жылға дейін ұзартылатын болады, жоба аясында еңбекақы төлеу де ұлғайтылады.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өтінімдер жыл бойы, желтоқсан айының соңына дейін Жұмыспен қамту орталығында қабылданады. Сонымен қатар өтініш беруші электронды еңбек биржасының веб-сайтында жұмыссыз ретінде тіркеліп, ұсынылған бос жұмыс орындарын іздестіре алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button