#Жаңа Қазақстан

Жастарға жігер берді

«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Астана қаласында жыл сайын өтетін каратэдан турнирге қонақ ретінде қатысты.

Кёкушин Будокай Каратэ түрінен спорттық жарыстың ашылу салтанатында сөз алған партия төрағасы жастарға патриоттық тәрбие беру және салауатты өмірді насихаттаумен қатар, экологиялық тұрғыдан сауаттылығын арттырудың да маңызды екенін  айтты.

– Елімізде спорттың жекпе-жек түрлерін дамытуға үлес қосып жатқан сіздер секілді жастардың қарым-қабілетін көріп, қатты қуанып тұрмын. Біздің қоғамға жаңа құндылықтар енгізуде жастардың үлесі басым, – деді ол. Ұйым төрағасы сонымен қатар «Байтақ» партиясының жақтастарының қатарында белсенді және өзіне сенімді азаматтар көп екенін жеткізді.

– Байқасақ, аға буынға қарағанда жастар арасында салауатты өмір салтын сақтау, экология мәселелері өте қарқынды көтеріледі. Осы тұрғыда біздің партия Қазақстан жастарының рухы биік, өздері мықты болуы үшін еліміздің таза болуына тырысатын болады. Әрбір қатысушыға адал жеңіс, сәттілік тілеймін! – деді ол.

Турнирдің ашылу салтанатына сондай-ақ қазақстандық танымал спорты Серік Сәпиев, «Kazakhstan Fullkontakt Karate Organization» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Экринбек Ахмадалиев, ұйымның вице-президенттері Константин Яковенко мен Саят Абильдин, сонымен қатар  Кёкушин Будокай Карате федерациясының Астана қаласы бойынша басшысы Нұрсұлтан Әлиакбаров қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button