Әлеумет

ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС ҰСЫНДЫ

Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оны қалалық Білім басқармасы, Жұмыспен қамту, еңбек  және әлеуметтік қорғау  басқармасы және Астана қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

ERM_9202

Игілікті шараның мақсаты – бас қаладағы еңбек на­рығының талаптарын назарға алып, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын биыл тәмамдап жатқан түлектерін жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету.
Жәрмеңкеге өндіріс пен кәсіпкерлік және қызмет көрсету салалары бойынша 50-ден аса ірі компаниялар қатысты. Олар 6 мыңнан астам түлектерге бос жұмыс орындарын ұсынды.
Сондай-ақ, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері колледж түлек­теріне «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мем­лекеттік бағдарламасы мен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жайында кеңірек мағлұмат беріп, оларды жұмыспен қамту мақсатында жеке мәліметтерін ақпараттар қорына енгізді.
Осындай жақсылықтың жаршысы болған шараның нәтижесінде жас мамандар қалаған мамандықтары бойынша құжаттарын тапсырып, мәре-сәре қуанышқа кенелді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button