Жаңалықтар

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАНДАНДЫ

Астана әкiмдiгi жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңестiң отырысы өттi. Жина-лысты кiрiспе сөзбен кеңес төрағасы-ның орынбасары, Iшкi саясат басқар-масының бастығы Болат Тiлепов ашты.
Кеңесте жастар арасында әскери қыз­меттiң беделiн көтеру мәселесi талқыланды. Астана қаласының Қорғаныс iстерi жөнiн­дегi департаментi  бастығының орынбасары Еркiн Байболов жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру барысы және жеткiншек­тердi отансүйгiштiк рухта баулуға бағыттал­ған  iс-шаралар жайында баяндап бердi. Сонымен қатар мектептер мен орта бiлiм беру орындарындағы алғашқы әскери дайын­дық сабақтарын өткiзу тәжiрибесiне де тоқталып, оны ұйымдастыруда орын алып отырған бiрқатар мәселелерге тоқталды.
Әскерге шақырылатын бозбалалар ара­сындағы атқарылған жұмыстар оларды ел тарихына, аға буын өкiлдерiнiң отан қорғаудағы ерлiгiне құр­метпен қарауға үйретедi. Мұндай насихат кейiнгi толқын өкiлдерi ортасы­нда жүргiзiлуi, ең алдымен, олардың отан алдындағы мiндетiн атқару дайын­дығын шыңдауға септiгiн тигiзбек.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button